weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Мен оның жақсылығын көрдім»: Мұхамеджан Тазабек Бекболат Тілеуханды 60 жасымен құттықтады

Мұхамеджан Тазабек Facebook парақшасында Бекболат Тілеуханның 60 жас мерейтойына орай жүрекжарды жазба жариялады.

«Мен оның жақсылығын көрдім»: Мұхамеджан Тазабек Бекболат Тілеуханды 60 жасымен құттықтады
Фото: facebook.com / Мұхамеджан Тазабек

Ол көпшілікке көрінбейтін Бекболат Тілеуханның болмысын сөз етіп, өзінің өміріндегі көптеген маңызды кезеңнің осы кісінің қолдауымен басталғанын айтты. Автордың сөзінше, Бекболат Тілеухан талай адамға үнсіз жақсылық жасап, тағдырына оң ықпал еткен жан.

Сондай-ақ ол мерейтой иесінің өнердегі, қоғамдағы және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбегіне тоқталып, көпшілік үндемеген сәтте ойын ашық айтып, ұстанымынан таймағанын ерекше атап өтті.

«Мен оның жақсылығын көрдім. Ағалығын көрдім. Ел деп күйгенін көрдім. Қалған бағасын уақыт береді», – деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

Жазба соңында ол Бекболат Тілеуханға ұзақ ғұмыр, берекелі өмір тілеп, елге сіңірген еңбегінің шынайы бағасын уақыт береріне сенетінін жеткізді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→