Өнер иесінің айтуынша, сол күні кешке Шымкентке жол жүруі керек болған. Алайда дәрігерлер оның жүрек қан тамырларында бітелу барын анықтап, шұғыл медициналық көмек көрсеткен.
«Бүгін Шымкентке кешке баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты Erensau клиникасы ұжымының көмегімен жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Досым, дәрігер Алмат Егізеков бастаған ұжымға мың алғыс!» – деп жазды әнші.
Кенжебек Жанәбіловтің айтуынша, қазіргі таңда жағдайы тұрақталған. Ол көпшілікке алғыс айтып, өзіне дұғада болуды өтінді.
Желі қолданушылары мен әріптестері өнер иесіне тезірек сауығып, сахнаға аман-есен оралуына тілектестік білдіріп жатыр.