weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 05:10 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Франциядағы алапат өрт: 4 өрт сөндіруші қаза тауып, 230-дан астамы жараланды

Францияда биыл 116 мың гектар аумақ жанып кетті. Өртпен күрес барысында төрт өрт сөндіруші қаза тауып, 230-дан астам адам жарақат алды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Франциядағы алапат өрт: 4 өрт сөндіруші қаза тауып, 230-дан астамы жараланды

Ішкі істер министрі Лоран Нуньестің айтуынша, қаза болғандардың барлығы өрт ошақтарын анықтау жұмыстары кезінде болған жазатайым оқиғалардың құрбаны болған. Олардың бірі 8 шілдеде Савойя департаментінде, екеуі 22 шілдеде Жиронда департаментіндегі Мериньяк қаласында, тағы бірі Буш-дю-Рон департаментінде көз жұмған. Ал тұрғындар арасында қаза тапқандар жоқ.

Ел тарихындағы ең ірі өрттердің бірі болған Жирондадағы алапат өртті сөндіруге 3 300 өрт сөндіруші, 1 500 әскери қызметкер, 1 250 полиция және жандармерия қызметкері, сондай-ақ әуеден қолдау көрсеткен 24 әуе кемесі жұмылдырылған.

Лоран Нуньес өртке қатысты қылмыстарға күдікті ретінде 275 адамның ұсталып, олардың 31-і қамауға алынғанын айтты.

Биыл Франция тарихындағы ең ауқымды өрт маусымын бастан өткеріп отыр. Жыл басынан бері елде 116 мың гектар аумақ отқа оранған.

Айта кетейік, Франциядағы орман өрттері қауіпті «от бұлттарының» туындауына себеп болды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→