weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ЖИ, экология және ауылдарды дамыту: «Әділет» партиясы Атырауда сайлауалды бағдарламасын таныстырды

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Атырау облысындағы кездесулерін жалғастырды. Партия өкілдері жастармен және өңір тұрғындарымен жүздесіп, білім беру, инфрақұрылым, экология, еріктілер қозғалысы мен өңірлерді дамытуға бағытталған бастамаларын ұсынды.

ЖИ, экология және ауылдарды дамыту: «Әділет» партиясы Атырауда сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Фото: Әділет партиясы

Кездесулерге партия төрағасы Айбек Дәдебай, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ирина Тен, Нұрбек Матжани, Гүлісхан Нахбаева, Рауан Кенжеханұлы, Әлия Адамбаева және Елдар Жұмағазиев қатысты.

Жастармен өткен басқосуда білім беру жүйесін цифрландыру, жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу, креативті индустрияны дамыту, инклюзивті білім беру және жастардың кәсіби әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Айбек Дәдебайдың айтуынша, еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделу үшін жастарды ерте бастан жасанды интеллектімен жұмыс істеуге үйрету маңызды. Осыған байланысты партия білім беру бағдарламаларын цифрлық экономиканың талаптарына сәйкестендіріп, жастардың заманауи мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасауды ұсынады.

Партия волонтерлік қызметті қолдау бойынша да бірқатар ұсыныс айтты. Атап айтқанда, еріктілердің қоғамдық қызметін жоғары оқу орындарына түсу кезінде және мемлекеттік қызметке орналасуда ескеру, сондай-ақ оларға гранттар мен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды.

Өңір тұрғындарымен өткен негізгі кездесуде өңірлердің экономикалық дербестігін күшейту, ауылдық аумақтарды дамыту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері көтерілді. Партияның жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін ел бойынша 86 мың шақырым инженерлік желі салынып немесе жаңартылып, олардың тозу деңгейін 40 пайызға дейін төмендету көзделген.

Сонымен қатар партия 2029 жылға дейін республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автожолды орташа жөндеуден өткізуді, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды, Каспийдегі көлік-логистикалық әлеуетті арттыруды және қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғыртуды жоспарлап отыр.

Кездесу барысында экологиялық мәселелерге де ерекше назар аударылды. Партия «Таза Қазақстан» бастамасын қолдайтынын айтып, ауа сапасын жақсарту, су ресурстарын тиімді пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту, елді мекендерді көгалдандыру және өндірістік кәсіпорындарға экологиялық бақылауды күшейту бойынша жұмыстарды жалғастыруды ұсынды.

Өңір тұрғындары өз кезегінде жол сапасын жақсарту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту, медициналық нысандарды дамыту, ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту, мәдени мұраны сақтау және жастарға арналған жаңа мүмкіндіктерді кеңейту мәселелерін көтерді.

Айта кетейік, бұған дейін «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Атырау облысында энергетика және ауыр өнеркәсіп саласының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізген болатын. Облыстағы жұмыс сапары Open Air форматындағы дрондар шоуымен аяқталды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→