weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 09:45 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық форматта келіссөз өткізді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтондағы Ақ үйде жабық форматта кездесті. Кездесу бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтті, ал келіссөздер аяқталғаннан кейін тараптар бірлескен мәлімдеме жасап, баспасөз мәслихатын өткізген жоқ.

Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық форматта келіссөз өткізді
Фото: Зеленский каналынан

Reuters агенттігінің мәліметінше, Зеленский Ақ үйде бір сағаттан астам уақыт болып, кейін Капитолийге аттанған. Онда оның АҚШ Сенатының барлық 100 мүшесімен кездесуі жоспарланған.

Кейін Украина президенті Telegram-арнасында келіссөздің нәтижесіне тоқталды. Оның айтуынша, тараптар Patriot әуе қорғанысы жүйесіне арналған зымырандарды ұстап қалатын оқ-дәрілерді өндіруге лицензия беру мүмкіндігін және Украина қорғанысын күшейтуге бағытталған өзге де бастамаларды талқылаған. Сонымен қатар дипломатиялық жолмен соғысты реттеу мәселесі де сөз болған.

«Біздің командалар алдағы өзара іс-қимылдың нақты тетіктерін келіседі», – деп жазды Зеленский.

Осыдан кейін Дональд Трамптың күн тәртібінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу жоспарланған. Бұл кездесулер Украинадағы соғыс пен Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленіскен кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→