weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Серіктестер
Бүгін, 20:47 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нөсерден кейінгі апат: Тәжікстанда сел үйлер мен жолдарды қиратып кетті

11 шілде күні нөсер жауыннан кейін Тәжікстанның солтүстігінде кенеттен су тасқыны мен сел жүріп, айтарлықтай шығын келтірді,— деп хабарлайды newsroom.kz порталы gismeteo.kz сайтына сілтеме жасап.

Нөсерден кейінгі апат: Тәжікстанда сел үйлер мен жолдарды қиратып кетті

Ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі – Соғды облысы Айни ауданындағы Дарғ елді мекені. Мұнда су, лай және тастардан құралған сел тасқындары тұрғын үйлер орналасқан аумақтарды басып қалған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан автокөліктерді су ағызып әкеткен, электр желілері зақымданып, жолдар мен көпірлер қираған.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Құтқару қызметтері апат салдарын бағалап, оқиға орнында жұмыстарын жалғастырып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→