Жобаны іске асыруға прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді қайтару арқылы қалыптастырған Арнайы мемлекеттік қор қаражатынан 9 млрдтеңгеден астам қаражат бағытталды.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, реконструкцияны 2026 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Мердігер ұйымға, тапсырыс берушіге және техникалық қадағалау қызметіне жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын, еңбекті қорғау мен экологиялық заңнама талаптарының қатаң сақталуын, сондай-ақ бөлінген мемлекеттік қаражаттың заңды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді.
Реконструкциядан кейін әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200-ден 300 жолаушыға дейін артып, қызмет көрсету сапасы мен жолаушыларға арналған жайлылық деңгейі артады. Инфрақұрылымның жаңаруы Павлодар облысының көліктік қолжетімділігін арттырып, өңірдің еліміздің басқа қалаларымен байланысын жақсартады.
Айта кетелік, жоба прокуратура органдарының ерекше бақылауында.