weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Конгода Эбола өршіп тұр: жұқтырғандар саны 1 500-ден асты

Конго Демократиялық Республикасында Эбола геморрагиялық қызбасын жұқтырғаны зертханалық түрде расталған адамдар саны 1 502-ге жетті. Аурудан 473 адам қайтыс болды. Бұл туралы елдің Коммуникациялар министрлігі X әлеуметтік желісінде мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Конгода Эбола өршіп тұр: жұқтырғандар саны 1 500-ден асты

Ресми мәліметке сәйкес, 213 науқас сауығып шыққан, ал 628 адам дәрігерлердің бақылауында қалып отыр.

Ведомствоның мәліметінше, медицина қызметкерлері вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдардың 81,8 пайызын анықтап, бақылауға алған. Індет негізінен Итури және Солтүстік Киву провинцияларында тіркеліп отыр.

Конго билігі Эбола індетінің өршуі туралы 15 мамырда жариялаған болатын. Аурудың қоздырғышы – Эбола-Бундибуджио вирусы, ол алғаш рет 2007 жылы Угандада анықталған. Қазіргі індеттің ошағы елдің шығысындағы Итури провинциясы болып саналады. Сонымен қатар, Солтүстік Киву мен Оңтүстік Киву провинцияларында да ауру тіркелген.

22 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ел ішіндегі Эбола індетіне қатысты қауіп деңгейін «өте жоғары», өңірлік деңгейде «жоғары» деп бағалады. Ал жаһандық деңгейдегі қауіп әзірге «төмен» деңгейде қалып отыр.

Эбола індетінің ең ірі әрі ең көп адам шығынына әкелген өршуі 2014–2016 жылдары Батыс Африкада болды. Сол кезде 11 300-ден астам адам көз жұмып, 28 600-ден астам адам вирус жұқтырған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→