weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ыстықкөл түбінен жасы мың жылға жуық кірпіштер табылды

Сүңгуірлер Ыстықкөлдің түбінен бірнеше көне кірпішті тапты. Мұражай мамандарының алдын ала бағалауынша, бұл жәдігерлер XI–XII ғасырларға жатады. Бұл туралы 24.kg мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ыстықкөл түбінен жасы мың жылға жуық кірпіштер табылды

Табылған олжа туралы су астына сүңгіген дайвер хабарлап, көл түбінен түсірілген фото және бейнематериалдарды жариялаған. Оның айтуынша, көне кірпіштер көл түбін зерттеу кезінде анықталған.

Мұражай қызметкерлері кірпіштердің XI–XII ғасырларға тиесілі болуы мүмкін екенін алдын ала мәлімдеді. Енді жәдігерлер олардың шығу тегін, тарихи маңызын нақтылау және сақтау мақсатында жан-жақты ғылыми зерттеуге жіберіледі.

Зерттеушілердің айтуынша, Ыстықкөл әлі де тарихтың жаңа беттерін ашып келеді. Көл өзінің табиғи сұлулығымен ғана емес, су астында жатқан ежелгі қоныстар мен археологиялық ескерткіштерге бай мәдени мұрасымен де танымал. Ғалымдар бұл аумақтағы су астындағы нысандарды ұзақ жылдан бері зерттеп келеді.

Кірпіштердің нақты жасы мен тарихи құндылығы ғылыми сараптама толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→