Оқиғадан кейін ұшақ өртеніп кетті. Әлеуметтік желілерде куәгерлер түсірген бейнежазбалар тарады. Кадрларда жалынға оранған ұшақтың жол бойында қапталымен жатқанын көруге болады.
Куәгерлердің айтуынша, бірнеше жүргізуші кабина терезесін сындырып, іште қалған адамдарды құтқаруға әрекет жасаған. Оқиға куәгерлерінің бірі ұшақтан үш жасөспірім мен пилот болуы мүмкін ер адамның шыққанын айтқан. Ал экипаж мүшелерінің бірі ес-түссіз жатқан жолаушыны салоннан алып шығуға тырысқан.
Қазіргі уақытта тасжолдағы қозғалыс екі бағытта да тоқтатылған. Ұшақ апатының нақты себебі әзірге белгісіз.