Ауқымды мәдени шара қазақ халқының бай мұрасын, ұлттық дәстүрлері мен көшпелі өркениет құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Фестиваль қонақтары этноауылдарды аралап, халқымыздың салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.
Бағдарлама аясында қымызмұрындық рәсімі өткізіліп, ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі қойылып, қазақтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ерекше көріністер ұсынылады.
Фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі – 500 бие сауылатын тарихи көріністің сахналануы. Бұл көрініс қазақ халқының жылқы шаруашылығымен тығыз байланысты өмір салтын дәріптеуге арналған.
Мәдени шара барысында елімізге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Бағдарламада:
• Этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер;
• Қымызмұрындық рәсімі;
• Ұлттық спорт ойындары;
• Қолөнер көрмелері;
• 500 бие сауылатын тарихи көрініс;
• Танымал өнер жұлдыздарының концерті.