«9 маусымдағы жағдай бойынша Эбола жұқтырудың 635 жағдайы расталды», – деп жазды министр.
КДР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Эболадан қайтыс болғандардың расталған саны 127 адамға жеткен.
ABC News хабарлауынша, қазіргі уақытта денсаулық сақтау қызметкерлері вирус жұқтырғандармен байланыста болған 5,5 мыңнан астам адамды бақылауда ұстап отыр. Алайда олардың тек 61,1%-ымен ғана байланыс орнатылған.
Сондай-ақ көршілес Уганда елінде Эбола жұқтырудың 19 расталған жағдайы және аурудан қайтыс болған екі адам тіркелген.