weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 маусым, 2026 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Джунглиде жоғалған бала 2 аптадан кейін тірі табылды

Қытайдың Гуандун провинциясында 11 жастағы бала джунглиде екі апта бойы адасып жүріп, аман қалған. Бұл туралы Need To Know басылымы мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Джунглиде жоғалған бала 2 аптадан кейін тірі табылды

Бала 18 мамыр күні Аньхуа ауылының маңындағы таулы орманда жоғалып кеткен. Келесі күні оны іздеуге жергілікті билік өкілдері жұмылдырылды. Алайда баланы тек 30 мамырда ғана табу мүмкін болды.

Оған дейін дәрілік шөп жинаушы джунгли ішінен баланың киімдерін тауып, бұл туралы полицияға хабарлаған. Көрсетілген жерге іздестіру тобы мен қызметтік ит жіберіліп, нәтижесінде бала табылды.

Ол орманда жүрген уақытта қатты арықтап кеткен және денесінде бірнеше сызат болған. Соған қарамастан, жалпы денсаулығы жақсы күйде болған.

Белгілі болғандай, бала жабайы інжір ағаштарының жемістерімен қоректеніп, жаңбыр суын ішіп күн көрген. Медициналық тексеруден кейін ол ата-анасына қайтарылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→