weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мемлекеттік рәміздер ұлықталған күн

4 маусым – Мемлекеттік рәміздері күні – егемен еліміздің айбынын асқақтатып, елдігіміздің ең қастерлі нышандарына құрмет көрсететін ерекше мереке,— деп хабарлайды newsroom.kz

Мемлекеттік рәміздер ұлықталған күн

Биыл Мемлекеттік рәміздер күні Қызылорда облысында кең көлемде аталып өтті.

Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталықтарындағы Мемлекеттік рәміздер аллеяларында «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция ұйымдастырылып, тұрғындар қасиетті нышандардың маңызы мен мәнін ұлықтады.

Мерекелік шаралар барысында қала ипподромында атты шеру, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Сырдария өзенінде Мемлекеттік Туды қайықпен алып өтіп, ерекше патриоттық акция өткізіп, ұлттық рухты көтеретін әсерлі көріністер көпшілік назарына ұсынылды.
Айтулы күн аясында 50 белсенді жас орталық көшелермен көлемі 7×14 метр болатын алып Мемлекеттік Туды көтеріп жүріп өтті. 

Ел Туы желбіреген сәтте жастардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметі айқын көрініс тапты.
Сонымен қатар, аймақтағы бірқатар ғимараттарда Көк Ту желбіреп, елдік пен отансүйгіштік рухын айшықтады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→