weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық блогер Каннда әлемді мойындатты

Қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының «Әлемнің үздік тревел-блогері» аталымы бойынша жеңімпазы атанды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстандық блогер Каннда әлемді мойындатты

Марапаттау рәсімі Францияда, Канн кинофестивалі аясында ұйымдастырылған шаралардың бірінде өтті.

Дастан қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, салтанатты кештен видеолар жариялады. Осылайша қазақстандық блогердің есімі әлемге танымал инфлюенсерлермен қатар аталды.
WIBA Awards – халықаралық деңгейде танылған контент авторларын марапаттайтын беделді сыйлықтардың бірі. Бұл марапат digital-индустрияға ықпал етіп, аудитория назарын аудара алған авторларға табысталады.
Дастан Мұхамедрахимнің видеолары табиғаттың көркін, түрлі қалалардың атмосферасын және елдердің мәдениетін ерекше кино стилінде көрсетуімен ерекшеленеді. Соңғы бір жыл ішінде оның көптеген ролигі миллиондаған қаралым жинап, кейбірі Instagram желісінің ресми парақшалары мен ұсынымдарына шыққан.

Желі қолданушылары мен әріптестері блогерді жеңісімен құттықтап, бұл жетістікті қазақстандық блогинг үшін маңызды оқиға деп бағалап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 жеңімпаздарының қатарына енгенін хабарлаған болатын. Алайда марапатты табыстау рәсімі енді ұйымдастырылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→