weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 09:59 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

2026 жылдың басынан бері Өзбекстанға 4 миллионнан астам турист келген

2026 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында Өзбекстанға туристік мақсатпен 4,05 миллион шетел азаматы келген,— деп хабарлайды newsroom.kz

2026 жылдың басынан бері Өзбекстанға 4 миллионнан астам турист келген

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шетелдік туристер саны 930,8 мың адамға артып, өсім 29,9 пайызды құраған.

Туристердің басым бөлігі көршілес мемлекеттерден келген. Келушілер саны бойынша Қырғызстан көш бастап тұр — 1,14 миллион адам. Одан кейін Тәжікстан (965,5 мың) және Қазақстан (935 мың) орналасқан.

Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ресей (341,8 мың), Ауғанстан (161,5 мың), Қытай (132,2 мың), Түрікменстан (108,4 мың), Түркия (57,7 мың), Үндістан (16,1 мың) және Корея Республикасы (12,1 мың) кірді.

Туристер ағынының артуы шетел азаматтарының Өзбекстанға деген тұрақты қызығушылығын және елдегі туризм саласын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→