weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жаңа индустриялық саясат: өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік қуат күшейіп келеді

Алматыда жаңа индустриялық саясат аясында өңдеу өнеркәсібін дамыту және өндірістік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Қалада жоғары қосылған құны бар өнім өндіретін кәсіпорындар саны артып, индустриялық аймақтарда жаңа жобалар іске асырылып жатыр.

Жаңа индустриялық саясат: өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік қуат күшейіп келеді

Алматыда индустриялық секторды дамыту экономиканың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Қала билігі соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібін күшейту арқылы экономиканы әртараптандыруға басымдық беруде. Негізгі мақсат — импортқа тәуелділікті төмендетіп, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету. Осыған байланысты жоғары технологиялы және жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9 триллион теңгеден асып, айтарлықтай өсім көрсетті. Оның басым бөлігін өңдеу өнеркәсібі құрап отыр. Әсіресе машина жасау, фармацевтика, құрылыс материалдары, химия және азық-түлік өндірісі салаларында оң динамика байқалады. Машина жасау саласында көлік құрастыру көлемі ұлғайып, өндірістік қуат кеңейе түсті.

Қаладағы индустриялық аймақтарда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, өндіріс орындары кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Қазіргі таңда Алматы индустриялық аймағында жалпы құны жүздеген миллиард теңгені құрайтын ондаған жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шағын өнеркәсіптік парктердің саны көбейіп, өндірістік инфрақұрылым кеңейіп келеді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай саясат Алматының өнеркәсіптік әлеуетін күшейтіп қана қоймай, қаланы Орталық Азиядағы ірі өндірістік орталықтардың біріне айналдыруға ықпал етеді. Өндірістік сектордың дамуы экономикалық тұрақтылықты арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға жол ашады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→