Жаңа бағыт Астананың маңызды нысандары мен негізгі көшелерін байланыстырады. LRT пойыздары Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, «Астана жұлдызы» стелласы, Mega Silk Way, Ботаникалық бақ, Абу Даби Плаза, Министрліктер үйі, Арыс көпірі, Қалдаяқов көшесі, Ұлттық музей және Нұрлы жол теміржол вокзалы арқылы қатынайды.
Жоба елорда тұрғындары мен қонақтарының қозғалысын жеңілдетіп, қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді деп күтілуде.