Министрдің айтуынша, «2026 жылдың үш айында мұнай экспорты 15,3 млн тонна болып, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,5 пайызды құрады. 2026 жылға арналған болжам – 76 млн тонна».
Сондай-ақ ол 2026 жылдың басынан бері мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн тоннаны құрағанын атап өтті.
Министрдің айтуынша, Қарашығанақ кен орнында шикі газды кері айдау бойынша 6-компрессорды іске қосу жұмыстары жалғасуда. Бұл мұнай өндіру көлемін жылына 10–11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Айта кетелік, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндіруді арттыру шаралары бойынша келіссөздер жүргізілуде.