weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 11:37 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дағыстанда 2 000-нан астам тұрғын үйді су басты

Дағыстанда 2 000-нан астам үй су астында қалды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Дағыстанда 2 000-нан астам тұрғын үйді су басты

Дағыстан Республикасының 7 муниципалдық аймағына қарасты 9 елді мекенде 2 075 тұрғын үй, 1 817 аула учаскесі және 173 автожол учаскесі әлі де су астында тұр.

Сондай-ақ Дағыстанның Дербент ауданында бөгеттің бұзылуына байланысты 350-ден астам адам эвакуацияланды. Олардың басым бөлігі туыстарының үйіне орналастырылса, қалғандары уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілген.

Қорғаныс нысанының бұзылуы салдарынан су Михайловка, Дузлак, Заречная, Сулепа, Ургун ауылдары мен Мамедқала кентіне жайылған. Жергілікті биліктің тапсырмасымен тұрғындар алдын ала эвакуацияланған — барлығы 358 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге ыстық тамақ пен медициналық көмек көрсетілуде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→