«Иран аспаны барлық әуе рейстері үшін шамамен 12 сәуір жексенбі күні сағат 08:30-ға дейін (Баку уақыты бойынша 12:30) жабық болады», — деді агенттікке сұхбат берген дереккөз. Оның айтуынша, бұл шешімді елдің авиациялық билігі қабылдаған.
Шектеуге қарамастан, мемлекеттік, әскери және санитарлық авиацияға, сондай-ақ іздестіру-құтқару мақсатындағы арнайы рұқсатпен орындалатын рейстерге ерекше жағдай қарастырылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Иранның әуе кеңістігі 28 ақпанда АҚШ пен Израиль әскери операция бастағаннан кейін жабылған болатын. Шабуылдар кезінде Иранның ірі қалалары, соның ішінде Тегеран да соққыға ұшырады.