АҚШ Қаржы министрлігінің 17 наурыздағы деректеріне сәйкес, елдің жалпы қарызы шамамен 39,017 триллион долларға жеткен.
Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 38 триллион долларлық межеден шамамен бес ай бұрын — 2025 жылдың қазан айының соңында асқан. Ал 37 триллион доллар деңгейі өткен жылдың тамыз айының ортасында тіркелген.
АҚШ Конгресінің Бюджет басқармасы (CBO) ақпан айында жасаған болжамында, 2036 қаржы жылында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 56,15 триллион долларға жетеді деп көрсеткен. Бұл көрсеткіш елдің ішкі жалпы өнімінің 120%-ына тең болады.
Салыстырмалы түрде айтқанда, 2025 қаржы жылында (қыркүйекте аяқталған) мемлекеттік қарыз 30,17 триллион долларды немесе ЖІӨ-нің 99%-ын құраған.
Сондай-ақ болжам бойынша, 2030 жылға қарай АҚШ-тың қарызы ЖІӨ-нің 108%-ына дейін өсіп, бұрынғы рекордтық көрсеткіштен асып түседі. Бұған дейінгі ең жоғары деңгей 1946 жылы, яғни Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 106% болған.