Сонымен қатар Энергетикадағы дрондар мен роботтар халықаралық коалициясының және АҚШ-тағы Women and Drones қауымдастығы кеңесінің мүшесі.
Әсел жетекшілік ететін бағдарлама АҚШ энергетика саласы мен әлемдік ұшқышсыз авиация индустриясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Оның басшылығымен жұмыс істеген команда инновациялық технологияларды дамыту бағытында бірнеше халықаралық жетістікке жетті.
Атап айтқанда, Әсел Аяпова жетекшілік еткен жоба AUVSI Award 2018 халықаралық байқауында екінші орынға ие болды. Сондай-ақ тағы бір халықаралық сайыста үшінші орын алып, энергетика саласындағы дрондық технологияларды дамытуда жоғары нәтижелер көрсетті.