Думанды кешке жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Сахна төріне шыққан спикерлер ел өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамаудың қажеттігін айтып, алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мемлекет болашағы үшін айрықша мәні бар екенін атап өтті.

Кештің басты эксклюзиві – көпшілікті таңғалдырған ерекше кейіпкерлер: робо-DJ Темірбек пен алматылық барыс Әділет. Олар тек би билеп, жұртты көңілдендіріп қана қоймай, көрерменмен тікелей байланыс орнатып, ортада ерекше рух пен бірлік атмосферасын қалыптастырды.
Темірбек пен Әділет жастарды азаматтық белсенділік танытуға және алдағы референдумда жаңа Конституцияны қолдауға шақырды.