Жібек Жолы ауылында сұмдық оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өз ата-анасы мен кіші қарындасын өлтірді деген күдікке ілінген.
Құқық қорғау органдары күдіктінің «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген ресми ақпаратта.
Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға күдіктінің психикалық ауруы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.