weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Аида Балаева: «Заң және тәртіп» қағидаты адал бәсекелестік ортасын құрмақ

Өскемен қаласы Орталық мәдениет үйінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешені өкілдерімен кездесті,— деп хабарлайды newsroom.kz

Аида Балаева: «Заң және тәртіп» қағидаты адал бәсекелестік ортасын құрмақ

Делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды.

Жиынға кім қатысты?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашинов пен Сергей Пономарев, Өскемен қаласы бойынша коалиция төрағасының орынбасары Сергей Коротин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатысты.
Кездесу барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрақты құқықтық ортаны құрудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасының инвестицияларды қорғауды күшейтуге, сот жүйесіне сенім арттыруға және тұрақты экономикалық дамуға жағдай жасауға бағытталғанын айтты.

«Кәсіпкер ойын ережелерінің кенеттен өзгермейтініне, инвестицияларының қорғалатынына, сот жүйесінің дауларды әділ әрі ашық шешетініне сенімді болуы қажет. Тек осындай жағдайда ғана ұзақмерзімді стратегиялар жасалып, жаңа жұмыс орындары ашылады, өндіріс дамиды. Сондықтан 15 наурыздағы референдум – осы қағидаларды конституциялық деңгейде бекітетін тарихи мүмкіндік. Жаңа Конституция жобасында меншік құқығын қорғау кепілдіктері күшейіп, заңдардың күші кері қолданылуына тыйым салынады, мемлекеттік басқарудың айқын әрі жауапты жүйесі қалыптасады. Бұл кәсіпкерлік үшін тәуекелдерді азайтса, ел үшін тұрақтылықты нығайтады, әр азамат үшін болашаққа сенімділік береді», – деп атап өтті Аида Балаева.

Үкімет басшысының орынбасары «Заң және тәртіп» қағидаты шынайы бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал ететінін де сөз етті.


«Заң және тәртіп» қағидаты адал бәсекелестік ортасын құрмақ, онда заңды бизнес қорғалыа, ал жасырын әрекеттер әшкереленеді. Әдл ережелер – кәсіпкердің басты серігі. Мемлекет басшысы «еңбек адамының» маңызын бекер атап өтпеді. Кәсіпкерлермен шаруалар – тәуекелге бел буып, жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтитын, елдің экономикалық күшін қалыптастыратын адамдар. Жаңа Конституция экономикалық бастаманы қолдауға және сонымен бірге заңға, қоғамға, келешек ұрпаққа деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Қуатты экономиканы қуатты мемлекетсіз құру мүмкін емес. Ал қуатты мемлекетте сенім, әділдік және еңбекке құрмет басты құндылықтар болып саналады. Бүгінде Қазақстанның болашағы – тұрақты, бәсекеге қабілетті және өз күшіне сенімді ел болатыны бізге байланысты», – деді Аида Балаева.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→