weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ауыл шаруашылығында 32 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы саласына 2 трлн теңге бөлінген. Алайда аудит қорытындысы бойынша оның 32 млрд теңгесі тиімсіз игерілген.

Ауыл шаруашылығында 32 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры Бағлан Аймырзаев «24KZ» телеарнасындағы «ТҮЙІН» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, аталған қаржы соңғы бес жыл ішінде бөлінген жалпы 2 трлн теңгенің шамамен 1 пайызына тең.

— Жақында аудит жүргізілді. Соның нәтижесінде 32 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Бұл — бөлінген қаражаттың 1 пайызы ғана. Жыл соңына дейін барлық ақпараттық жүйелерді біріктіруді жоспарлап отырмыз, — деді Бағлан Аймырзаев.

Сондай-ақ қазір Қазақстанда ет экспортына шектеу қойылған. Сыртқы нарыққа тек ішкі сұраныстан артылған көлем ғана шығарылып отыр. Үкімет бұл шешімді ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында қабылдаған.

2025 жылдың 31 желтоқсанында енгізілген квота 2026 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→