weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Петропавлда әйел ер адамды пультпен ұрып өлтірді

Петропавлда 52 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Оның өліміне бірге тұрған 58 жастағы әйел күдікті ретінде ұсталды.

Петропавлда әйел ер адамды пультпен ұрып өлтірді

SHYNDYK.KZ мәліметінше, 7 ақпанда олар танысымен бірге ішімдік ішкен. Отырыс барысында ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Әйел азаматқа теледидар пультімен бірнеше рет басынан соққы жасаған.

Келесі күні жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, 10 күннен кейін ауыр бас-ми жарақатынан қайтыс болды.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті аталған факт бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда өлімге әкеп соқтыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→