weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп әлем елдеріне баж салығын 15 пайызға дейін көтермек

АҚШ президенті әлем елдеріне қолданылып келген 10 пайыздық баж салығын 15 пайызға дейін арттыратынын хабарлады.

Трамп әлем елдеріне баж салығын 15 пайызға дейін көтермек
Фото: Ақ үй

«Мен, АҚШ президенті ретінде, ондаған жыл бойы АҚШ-ты еш салдарсыз “пайдаланып келген” елдерге қатысты қолданыстағы 10 пайыздық жаһандық тарифті заң жүзінде мүмкін болатын ең жоғары деңгей — 15 пайызға дейін көтеремін», — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.

Президенттің айтуынша, шешім «дереу күшіне енеді». Ал алдағы айларда әкімшілік жаңа, заңға сай тарифтерді айқындап, енгізеді.

Сондай-ақ ол АҚШ Жоғарғы сотының жаһандық баждардың басым бөлігін жою туралы шешімін «абсурд, сапасыз әзірленген әрі америкалық мүддеге қарсы» деп атады.

Еске салайық, бұған дейін Жоғарғы сот Трамп енгізген бірқатар сауда тарифтерін заңсыз деп таныған соң, Ақ үй барлық елдерге 10 пайыздық бірыңғай баж салығын енгізген еді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→