Қазақстан Ұлттық банкі қазақстандық банктердің бірі арқылы «7 трлн теңге өткізілді» деген ақпаратты тексеріп жатыр. Алдын ала нәтижелер бойынша заңбұзушылық белгілері анықталмаған.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов бұл сома банк арқылы өткен жалпы айналым екенін түсіндірді.
«7 трлн теңге — бұл айналым. Мысалы, біз бір күн ішінде 1 мың теңгені бір-бірімізге қайта-қайта аудара берсек, жыл соңында үлкен сома жиналады. Сондықтан айтылған 7 трлн — толық айналым. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк тексеруді жалғастырып жатыр. Алдын ала айтарымыз — айқын құқықбұзушылық белгілерін байқамадық», — деді ол.
Тексеру келесі аптада аяқталады. Қай банк туралы сөз болып отырғаны әзірге жарияланған жоқ.