weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Сексуалдық сипаттағы әрекет жасады»: Алматы тұрғыны курьер ісіне шағымданды

Алматы тұрғыны гүл жеткізген курьер өзін мазалап, әдепсіз әрекет жасағанын айтып, полицияға жүгінді. Іс сотқа жолданды.

«Сексуалдық сипаттағы әрекет жасады»: Алматы тұрғыны курьер ісіне шағымданды
Фото: iStock

Алматы тұрғыны 14 ақпанда гүл жеткізген курьер тарапынан әдепсіз әрекетке ұшырағанын мәлімдеді. Қыздың айтуынша, курьер кешкі сегіз шамасында келген, ол есікті ашып, гүлді бұрышқа қоюын өтінген.

«Ол үйге екі қадам ғана кірді. Сол сәтте маған қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасады. Барлығы бірнеше секундта болды», — дейді ол.

Оқиғадан кейін қыз курьерге полицияға шағымданатынын жазған. Алғашында ер адам дөрекі жауап беріп, кейін хабарласып, жағдайды «түсінбеушілік» деп ақталуға тырысқан.

Қалалық полиция департаменті курьердің жеке басы анықталып, Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады. Іс материалдары сотқа жолданып, оның әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Бастапқыда қыз әлеуметтік желіде курьерді «Яндекс» қызметкері деп жазған, кейін жеткізуді InDrive курьері жасағанын нақтылады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→