Құлсарыда сыныптастарын балтамен қуған оқушы үйқамаққа жіберілсе де, мектепке баруына рұқсат берілді
Атырау облысында аталмыш оқушыға қатысты іс бойынша соттың алғашқы отырысы өтті.
Атырау облыстық білім басқармасының басшысының айтуынша, оқушының кәмелетке толмағаны, ата-анасының өтініші ескеріле отырып, сот шешімімен жасөспірім үйқамаққа жіберілген.
Алайда оның мектепке және медициналық ұйымдарға баруына рұқсат беріліпті. Оқушы кеше сабаққа қатысқан.
Еске саламыз, бірнеше күн бұрын Құлсарыда оқушы қатарластарын балта алып қуалаған.