weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Азиада-2029 Алматыда өтетін болды

Азиада-2029 негізі Сауд Арабиясының жаңадан салынып жатқан Неом қаласында өтуі керек болған.

Азиада-2029 Алматыда өтетін болды

5 ақпанда Миланда тиісті құжатқа ҰОК президенті Геннадий Головкин мен Азия олимпиада комитеті (АОК) басшысы Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани Азиаданы өткізу туралы құжатқа қол қойды.

Азиада-2029 негізі Сауд Арабиясының жаңадан салынып жатқан Неом қаласында өтуі керек болған. Алайда қаңтарда Сауд Арабиясы қысқы Азиаданы өткізе алмайтынын мәлімдеді.

ҰОК мәлімдеуінше, Алматыда мұндай ауқымды жарысты өткізуге жеткілікті инфрақұрылым бар.

Айта кетейік, Қазақстанда 2011 жылы Қысқы Азия ойындары, ал 2017 жылы Қысқы Универсиада өткен.

Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Қазақстаннан басқа елдерде қысқы жарыс өткізетін инфраструктура, база жоқ.

 

Telegram ~ Instagram ~Threads

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→