weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атыраудағы қанды оқиға: күдіктінің бес баласы мемлекет қамқорлығына алынды

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының қаза табуына қатысты іс бойынша күдікті деп танылған 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевтің кәмелетке толмаған бес баласы уақытша түрде мемлекет қамқорлығына алынды.

Атыраудағы қанды оқиға: күдіктінің бес баласы мемлекет қамқорлығына алынды

Жангелдин ауылындағы қанды оқиғаға байланысты тергеу барысында полиция күдіктінің балаларын отбасынан уақытша оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Бұл шара балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындажүзеге асырылған.

Атырау облыстық полиция департаментінің бастамасымен тиісті органдарға ресми хат жолданып, балаларды қауіпсіз жерге орналастыру ұсынылған.

«2 ақпан күні полиция департаментінен күдіктінің кәмелетке толмаған балаларын шұғыл түрде қауіпсіз орынға, яғни мемлекет қорғауына алу жөнінде ресми хат түсті», — деп түсіндірді облыстық білім басқармасында.

Осыдан кейін Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия арнайы шешім қабылдап, балаларды уақытша орналастыру мәселесін қараған.

Комиссия шешіміне сәйкес:

  • үш бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына,
  • бір және үш жастағы екі сәби денсаулық сақтау басқармасына қарасты сәбилер үйіне орналастырылған.

Жауапты мекемелердің мәліметінше, қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты бақылауда.

«Балалар қауіпсіз жерде. Олардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайы бақылауда, барлық қажетті күтім жасалып жатыр», — деп хабарлады ведомстволық өкілдер.

Айта кетейік, бұған дейін Жангелдин ауылында бір отбасының қаза табуына байланысты 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→