weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Коуч болу үшін енді ресми тіркелу керек

Қазақстанда коучтарға арналған кәсіби стандарт бекітілді. Бұл туралы «Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Динара Наумова мәлімдеді.

Коуч болу үшін енді ресми тіркелу керек
Фото: radiokp.ru

«2025 жылдың ақпанында коучтар мен тренерлер үшін сертификаттау жүйесі мен кәсіби стандарттарды енгізуді ұсынған болатынмын. Біз нарық өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, әртүрлі пікірлерді тыңдадық және жақсы тәсіл әзірледік. Енді стандарт бар», — деп атап өтті ол.

Депутаттың айтуынша, кәсіби стандарт кімнің коуч болып жұмыс істеуге құқығы бар екенін, маман қандай оқу мен тәжірибеден өтуге міндетті екенін, мамандықтың шекарасы қай жерде екенін және кәсіби әрі этикалық жауапкершілік не үшін жүктелетінін нақты айқындайды. Стандарт коучинг қызметінің тоғыз бағытын қамтиды:

  • бизнес-коуч;
  • мансаптық коуч;
  • лайф-коуч;
  • командалық коуч;
  • лидерлік бойынша коуч;
  • денсаулық және wellness коуч;
  • кәсіпкерлерге арналған коуч;
  • білім беру коучы;
  • спорттық дайындық коучы.

Бектенов «Коучинг қызметі» кәсіби стандарты Халықаралық коучинг федерациясымен (ICF Kazakhstan) бірлесіп әзірленгенін хабарлады. Енді коуч болып жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар осы ұйымның сертификатын алға тиіс. Үкімет басшысының айтуынша, ICF мамандарды оқыту мен сертификаттар беруді өз мойнына алады.

Ұйымның сайтында көрсетілгендей, ICF сертификатын алу үшін аккредиттелген бағдарламада (Level 1/2/ACTP) оқудан өту, 100 сағаттан астам тәжірибе жинақтау, менторинг (10 сағат) алу және емтихан (тест + сессияларды бағалау) тапсыру қажет.

Кез келген қазақстандық коучты ресми түрде тексеруге болады. Атап айтқанда, олардан дипломның, тәжірибе мен дайындықтың болуы талап етіледі. Үкімет басшысы стандарт негізінде «Ұлттық біліктілік жүйесінің» career.enbek.kz цифрлық платформасында сертификатталған коучтардың тізілімі жасалатынына уәде берді.

Сертификаты жоқ коучтарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі. Тиісті түзетулер «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға енгізіледі. Сонымен қатар қызметтер туралы жалған немесе жаңылыстыратын ақпарат беруге, сондай-ақ жалған жарнама таратуға тыйым салынады. Тұтынушылардың құқықтары жаппай бұзылған немесе айтарлықтай зиян келтірілген жағдайда, мұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сараланады. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→