Талдықорғанда мас әке үш жасар қызын аяусыз соққыға жықты
Талдықорған қаласында үш жасар қыз бала ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.
Дәрігерлердің мәліметінше, кішкентай науқас 2 ақпан күні кешке қабылдау бөліміне түскен. Хирург, травматолог және реаниматолог тексерісінен кейін оның жағдайы ауыр деп бағаланып, бірден жансақтау бөліміне ауыстырылған. Қазіргі таңда баланың жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр.
Алдын ала анықталғандай, қызды өз әкесі соққыға жыққан. Ер адамның мас күйде болғаны белгілі болды. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Таразда анасы баласын ұрып, бәрін видеоға түсірген болатын.