weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда инфляция баяулады, бірақ ет пен газ тағы қымбаттады

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 12,2 пайызды құрады. Бұл — желтоқсанмен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа төмен көрсеткіш.

Қазақстанда инфляция баяулады, бірақ ет пен газ тағы қымбаттады

Айлық мәнде баға өсімі 1 пайыз болды (желтоқсанда — 0,9%). Жалпы инфляцияның бәсеңдеуіне азық-түлік бағасының өсу қарқынының төмендеуі әсер еткен: қаңтарда ол 12,9%, ал желтоқсанда 13,5% болған.

Алайда азық-түлікке жатпайтын тауарлар керісінше қымбаттай түсті — бұл санаттағы инфляция 11,7 пайызғажетіп, 0,6 пайыздық тармаққа артты. Қызмет көрсету саласындағы баға өсімі желтоқсанмен бір деңгейде қалып, 12 пайызды көрсетті.

Өңірлер арасында баға ең көп Ақмола, Павлодар және Ұлытау облыстарында өскен — 13,5%. Ал ең төмен инфляция Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында тіркелді — 11,5%.

Жалпы инфляцияға ең үлкен үлесті азық-түлік пен алкогольсіз сусындар қосты — 5,4 пайыздық тармақ. Сондай-ақ көлік қызметтері (1,1 п.т.) және жеке күтім, әлеуметтік қорғау, киім мен аяқкиім бағасының өсуі (1 п.т.) әсер етті.

Бағасы ең қатты қымбаттаған тауарлар қатарында сұйытылған газ бар — бір жылда 24,7%. Сондай-ақ ет пен құс еті (23%), шұжық өнімдері (19%) айтарлықтай өскен.

Сонымен бірге кейбір тауарлар арзандады. Мәселен, суық су тарифі ел бойынша 12,9 пайызға төмендеді. Бұған уақытша енгізілген бірыңғай тариф мерзімінің аяқталуы себеп болған. Көкөніс бағасы да 2,7 пайызға арзандады.

Айта кетейік, қаңтар айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Бұған негізгі себеп — инфляцияның әлі де жоғары болып қалуы.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→