Прокуратура анықтағандай, тендер жеңіп алған кәсіпкер қағаз жүзінде қызметкерлері бар деп көрсеткенімен, нақты асхананы мүлде басқа компания жүргізген. Ол компания ата-ана құқығынан айырылған, алкогольге тәуелді адамдарды аспаз ретінде жұмысқа алған.
Тексеру барысында мектеп әкімшілігінің жеткізушіні тиісінше тексермегені белгілі болды. Бұл жағдай балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген.
Кәсіпкермен келісімшарт бұзылып, сотқа оны мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз жолданды. Сонымен қатар аудандық білім бөлімі қызметкері мен конкурс комиссиясының мүшелері де жауапкершілікке тартылды.