«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 ақпан күні шамамен сағат 10:30-да (Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы автожолы, 1381-шақырым, №5 тірек) аралық құрылымның жылулық қорғаныс тенті түтіндеп, жанған.
Айта кетейік, бұған дейін №4 тіректе де осындай жағдай тіркеліп, 31 қаңтардан бастап құрылыс уақытша тоқтатылған болатын.
Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрттің себеп-салдарын анықтап, толық сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталған дерек бойынша ішкі тексеру басталғаны хабарланды.