Марқұм ұзақ уақыт бойы ауыр сырқатпен күресіп, төсек тартып жатқан және тұрақты күтімді қажет еткен.
Тергеу деректеріне сәйкес, оқиға болған күні үйде зейнеткер мен оның 38 жастағы келіні ғана болған. Алдын ала мәлімет бойынша, келіні асүй пышағымен қарт әйелге шабуыл жасап, оның басы мен денесіне бірнеше рет жарақат салған. Ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілген жәбірленуші дәрігерлердің көмегіне қарамастан көз жұмды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Жүргізілген сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар оның созылмалы психикалық ауру — параноидты шизофрениямен ауыратынын анықтаған.