weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түсті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында парламенттік реформа бастамасы бүкіл Конституцияны терең қайта ой елегінен өткізуді талап еткенін атап өтті.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түсті
Фото: ОКҚ

— Біз қазір аса жауапты кезеңде бірге жұмыс істеп отырмыз. Парламенттік реформа бастамалары бүкіл Конституцияны жан-жақты қайта қарауды қажет етті. Қоғамдық қатынастардың өзгеруі, жаңа технологиялар, цифрландыру мен жасанды интеллект қосымша құқықтық реттеуді талап етуде. Заманауи сын-қатерлер мен адам құқықтарын тереңірек қамтамасыз ету жаңартылған құқықтық негіздерді қажет етеді. Мұның барлығы Негізгі заңда өзара үйлесімді түрде көрініс табуы тиіс, — деді ол.

Оның айтуынша, жекелеген, нүктелік түзетулер өзгерістерді орнықты жүзеге асыру үшін қажетті тұтастық пен айқындықты қамтамасыз ете алмайды.

— Бүгінгі талқылауымыз қолданыстағы Конституция мәтініне енгізілетін әдеттегі түзетулер шеңберінен шығып отыр. Қазіргі таңда Комиссияға қолданыстағы нормалардың жартысынан көбін қамтитын екі мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Әріптестердің, сарапшылардың және еліміздің азаматтарының барлық ұсыныстары маңызды әрі негізді. Олардың логикасы мәнді, ал саны өте көп. Енді алдымызда елдің Негізгі заңының жекелеген бөлімдерін түзету немесе толықтырумен шектелмейтін ауқымды міндет тұр. Бұл — 1995 жылғы Конституция мәтінін бүгінгі шындыққа жай ғана бейімдеу емес. Бұл — мемлекеттік құрылымның бүкіл архитектурасын, құқықтар мен бостандықтарға берілетін кепілдіктер жүйесін, билік институттары мен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін терең қайта қарау. Мұндай кешенді өзгерістер деңгейі бізді бөлшектелген түзетулерге емес, жаңа Конституция мәтінін қабылдау қажеттілігіне табиғи түрде алып келеді, — деп түсіндірді депутат.

Сондай-ақ Дания Еспаева бұл ұстаным Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңының 26-бабына сәйкес келетінін айтты. Аталған бапта нормативтік құқықтық актінің мәтінінің жартысынан астамы өзгертілген жағдайда, оның жаңа редакциясын қабылдау көзделген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→