weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Екінші тұмау толқыны бола ма? Денсаулық сақтау саласы соңғы деректерді айтты

Қазақстандықтарды қаңтар айында ЖРВИ мен тұмаудың екінші толқыны болуы мүмкін деп алдын ала ескерткен еді. Алайда қазірше бұл болжам расталып отырған жоқ.

Екінші тұмау толқыны бола ма? Денсаулық сақтау саласы соңғы деректерді айтты
Фото: Shutterstock.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы Айгүл Катренова айтты.

«Курсив» басылымының дерегінше, қаңтардың екінші жартысында аурудың өсуі алдыңғы эпидемиялық маусымдардың деректеріне сүйене отырып болжанған. Бірақ әр маусымның өз ерекшелігі бар.

Қазіргі таңда сырқаттанушылықтың өсуі тіркелмегенімен, екінші толқынның кейінірек болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.

1 қыркүйек 2025 жылдан бері елде 3,1 млн ЖРВИ дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға аз. Науқастардың 67 пайызы — 14 жасқа дейінгі балалар.

Соңғы бір аптада 110 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 14 пайызға төмен. Ал зертханалық тұрғыда расталған тұмау 3 мың адамнан анықталған. Осы маусымда 2,2 млн қазақстандық тұмауға қарсы екпе алған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→