Тергеу деректеріне сәйкес, марқұмның денесі бөлшектелген: басы мен өзге мүшелері көрші ауданнан чемодан ішінен анықталған. Әйелдің жеке басы саусақ іздері арқылы расталды.
Бұл ақпаратты Өзбекстанның Стамбулдағы Бас консулдығы да растады. Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс Үмрание ауданындағы пәтерде жасалған. Негізгі күдікті — марқұмның танысы, Өзбекстан азаматы Д.Т.
Полицияның мәліметінше, екеуінің арасында жанжал шығып, күдікті әйелге пышақ жарақатын салған. Кейін танысының көмегімен мәйіттен құтылмақ болған. Екеуі Грузияға қашпақ болған сәтте ұсталды. Сондай-ақ, оларды тасымалдаған такси жүргізушісі де тексеріліп жатыр.
Бұл қылмыс Түркияда жаппай наразылық тудырды. Стамбул мен Анкарада әйелдер мен мигранттардың қауіпсіздігін талап еткен акциялар өтті. Құқық қорғаушылар мұндай жағдайлар жүйелі қауіпсіздік мәселелерін көрсететінін мәлімдеді.