weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Францияда 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желі тыйым салынуы мүмкін

Францияда 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу жоспарланып отыр. Ел президенті Эммануэль Макрон үкіметке заңды жедел қабылдау рәсімін бастауды тапсырды.

Францияда 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желі тыйым салынуы мүмкін
Фото: Habr

Associated Press дерегінше, билік жаңа ережелер 2026 жылдың қыркүйегінен бастап, жаңа оқу жылы қарсаңында күшіне енеді деп үміттеніп отыр.

Макронның айтуынша, балалардың санасы коммерциялық мақсатта пайдаланылмауы тиіс, ал платформалар мен алгоритмдердің олардың эмоциясына ықпал етуіне жол берілмейді.

Мұндай бастамаға денсаулық сақтау саласындағы реттеуші органның есебі себеп болған. Онда Франциядағы әрбір екінші жасөспірім смартфонды күніне 2–5 сағат пайдаланады, ал уақыттың жартысынан көбі әлеуметтік желілерге жұмсалатыны көрсетілген.

Заң жобасын 26 қаңтарда депутат Лора Миллер ұсынбақ. Сонымен қатар үкімет жоғары сыныптарда ұялы телефонды толықтай пайдалануға тыйым салуды да жоспарлап отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→