weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Мен балуаннан жеңілмеймін»: Данияр Елеусінов Серік Сапиев жайлы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде Серік Сәпиевке қатысты туындаған дау жөнінде өз ойын айтты. 

«Мен балуаннан жеңілмеймін»: Данияр Елеусінов Серік Сапиев жайлы

Елеусінов оқиғаның қалай болғанын нақты білмейтінін атап өтті. Соған қарамастан, желіде тарап жатқан кейбір болжамдарға күмәнмен қарайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Серік Сәпиевтің қазіргі салмағы шамамен 70 келі, ал қарсы тараптың дене бітімі әлдеқайда ірі. Осы тұрғыдан алғанда «итерді, бірақ күші жетпей қалды» деген нұсқа боксшыға қисынсыз көрінеді.

Кейін Данияр Елеусінов әңгіме өзегін спорт тақырыбына бұрып, жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол бұған дейін бетпе-бет келген төбелестерде балуандардан жеңіліп көрмегенін айтты. Мұны атасының қазақша күреспен айналысқан, жауырыны жерге тимеген балуан болғанымен байланыстырды.

Боксшы күрес пен боксты қатар меңгергенін айтып, қажет жағдайда кез келген боксшы балуанды жеңе алатынына сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ биыл қайтадан рингке оралатынын мәлімдеп, боксты ешқашан төмендетуге болмайтынын атап өтті.

Алайда бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік Елеусіновтің сөзінен боксты асыра дәріптеп, күрес түрлерін кемсіту байқалады деп сын айтты. Әсіресе оның «5–6 ел жиналса, күрестен әлем чемпионатын өткізуге болады» деген пікірі қоғам наразылығын күшейтті. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→