weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ірі шетелдік инвестор Қазақстандағы жобадан бас тартты: себеп — жаңа заңнамалық өзгерістер

Канадалық Laramide Resources компаниясы Қазақстандағы уран жобасынан шықты. Компанияның ресми мәлімдемесінде бұған себеп ретінде заңнамаға енгізілген жаңа түзетулер аталды. Олардың бағалауынша, бұл өзгерістер жеке инвесторлардың геологиялық барлау жүргізуге деген экономикалық қызығушылығын жойған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Ірі шетелдік инвестор Қазақстандағы жобадан бас тартты: себеп — жаңа заңнамалық өзгерістер

Әңгіме Шу–Сарысу бассейніндегі ауқымды жоба туралы болып отыр. 2024 жылдан бері Laramide аумағы 5,5 мың шаршы шақырымды қамтитын учаскенің геологиясын зерттеген. Компания «Қазатомөнеркәсіптің» қолданыстағы кеніштеріне жақын орналасқан 22 лицензияға қол жеткізіп, тереңдігі 15 мың метрге дейін жететін шахталарды бұрғылауға дайындалған. Алайда ұзаққа созылған бюрократиялық рәсімдерге байланысты жұмыстар басталмаған.

Шешуші фактор 2025 жылғы 26 желтоқсанда Жер қойнауы туралы кодекске енгізілген жаңа түзетулер болды. Соған сәйкес, уранның жаңа кен орындарындағы ұлттық компания — «Қазатомөнеркәсіптің» міндетті қатысу үлесі артты. Laramide мұны болашақ ашылымдарды «де-факто ұлттықтандыру» деп бағалап, жобадан шығу туралы шешім қабылдаған.

«Саяси тәуекелдер кез келген елде бар, бірақ әдетте олар ресурс табылғаннан кейін туындайды. Ал бұл жағдайда жағдай өзгеше — қолжетімділік алдын ала шектелді», — деді Laramide президенті Марк Хендерсон.

Оның айтуынша, енді бұл жоба тек олардың компаниясы үшін ғана емес, саланың барлық коммерциялық ойыншылары үшін маңызын жоғалтқан. Laramide Қазақстандағы жұмыстарды толық қаржыландыруды тоқтатып, уран активтерін АҚШ пен Австралияда дамытуға қайта оралмақ.

Айта кетейік, былтыр жазда тағы бір канадалық компания — Silvercorp Metals Inc Қазақстандағы бағалы металдар қоры, атап айтқанда күміс кендерін барлауға қызығушылық танытқан болатын.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→