weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Гренландия мен Канада мен Венесуэла АҚШ құрамында: Трамп «жаңа әлем картасын» көрсетті

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде «жаңа әлем картасын» бейнелейтін суреттерді жариялады. Онда Гренландия, Канада және Венесуэла аумақтары АҚШ туымен белгіленген.

Гренландия мен Канада мен Венесуэла АҚШ құрамында: Трамп «жаңа әлем картасын» көрсетті
Фото: Truth Social.

Алғашқы суретте Трамп Ақ үйдегі жұмыс кабинетінде еуропалық елдердің басшыларымен сөйлесіп отырған сәт бейнеленген. Оның жанында тұрған картада аталған аймақтар АҚШ туының түстерімен боялған.

Екінші суретте Дональд Трамп Гренландия аумағына АҚШ туын қадап жатыр. Қасында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен вице-президент Джей Ди Вэнс бейнеленген. Жанындағы тақтайшада «2026 жылы Гренландия Америка аумағына айналды» деген жазу бар.

Айта кетейік, бұған дейін Гренландия мен Данияда Трамптың Гренландияны АҚШ құрамына қосу туралы мәлімдемелеріне қарсы жаппай наразылық акциялары өткен. Жергілікті тұрғындар мұндай бастаманы қолдамайтынын ашық білдірген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→