weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Қазақстан Парламентіне жаңа атау ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстан Парламентінің атауын өзгерту ұсынылғанын мәлімдеді.

Тоқаев Қазақстан Парламентіне жаңа атау ұсынды
Фото:slobodenpecat

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының негізгі ұсыныстарын таныстыра отырып, Президент Парламентке «Құрылтай» деген жаңа атау беруді ұсынды.

«Ең алдымен болашақ Парламенттің атауына қатысты өз пікірімді айтқым келеді. Қысқасы, мен оған “Құрылтай” атауын беру керек деп санаймын. Бұл ұғымның тарихи мәні мен мағынасы халқымызға жақсы таныс әрі жақын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңа Парламенттегі депутаттар саны қазіргімен салыстырғанда аз болатынын айтты. Жұмыс тобының шешіміне сәйкес, президенттік квотадан және Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасынан бас тарту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, депутаттарға жаңа өкілеттіктер беру ұсынылған.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда қаласында 12 қаңтарда анонс жасалған Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жиында Қазақстанның одан әрі даму бағыттарын айқындап, қоғамдық өмірге қатысты өзекті мәселелерге тоқталатынын хабарлаған болатын.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→