weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кеш жеткен құттықтау: Шымкенттің экс-әкімі қаңтардың ортасында Жаңа жылмен құттықтады

Әлеуметтік желілерде 2026 жыл басталғаннан кейін шамамен екі апта өткен соң жарияланған  “Samruk-Kazyna” АҚ вице-төрағасының жаңа жылдық құттықтауы тарады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Кеш жеткен құттықтау: Шымкенттің экс-әкімі қаңтардың ортасында Жаңа жылмен құттықтады
Коллаж: newsroom.kz

Құттықтау авторы — Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахимов. Ол өз жазбасында оқырмандарын Жаңа жылмен құттықтап, әр отбасына амандық, тұрақтылық пен молшылық тіледі.

Жарияланым дәстүрлі ресми стильде жазылып, портреттік фотосуретпен бірге ұсынылған. Пікір жазуда алдына жан салмайтын "қазақтардың" назарын құттықтаудың мазмұнынан гөрі, жарияланған уақыты көбірек аудартты. Себебі бұл кезде мерекелік күндер аяқталып, көпшілік қоғам қайраткерлері қалыпты жұмыс ырғағына оралған болатын.

Пікірлер бөлімінде кейбір қолданушылар кешігіп жарияланған құттықтауға әзіл-шыны аралас реакция білдірсе, енді біреулері жылы лебіздің кез келген уақытта орынды екенін айтып, жазбаны жақсы қабылдады. Ал құттықтаудың кеш жариялану себебін автордың өзі түсіндірмеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→