weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Маңғыстаудағы кісі өлімі: күдіктілер туралы мәліметке 2 млн теңге сыйақы тігілді

Ақтаулық Александр Насибаридің өліміне қатысты іздеуде жүрген күдіктілер туралы ақпарат бергендерге 2 миллион теңге көлемінде сыйақы уәде етілді.

Маңғыстаудағы кісі өлімі: күдіктілер туралы мәліметке 2 млн теңге сыйақы тігілді
Фото: aif.ru

Бұл бастаманы заңгер Ажар Әбділ жеке өзі көтеріп, күдіктілердің жүрген жерін анықтауға көмектесетін нақты мәлімет үшін қаржылай сыйақы тағайындағанын мәлімдеді.

Lada.kz дерегінше, Александр Насибари 24 қараша күні үйінен шығып кетіп, байланысқа шықпай қалған. 8 желтоқсанда оның мәйіті Маңғыстау облысындағы радон көзінің маңынан табылған. Полиция өлімнің зорлық-зомбылықпен болғанын растады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмысқа қатысы бар екі адам халықаралық іздеуге жарияланған. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар алдымен Ресейге, кейін Әзербайжан арқылы Түркияға кетуі мүмкін.

«Күдіктілердің нақты орналасқан жерін анықтауға және олардың ұсталуына әкелетін шынайы ақпарат үшін 2 000 000 теңге көлемінде жеке сыйақы тағайындаймын. Заң аясында толық анонимдік сақталады», — деді заңгер.

Ол күдіктілерді көрген, олармен қылмыстан кейін байланыста болған немесе жасырынуға тырысқан әрекеттері туралы білетін азаматтарды үн қосуды сұрады. Сондай-ақ қылмыскерлерді жасыру немесе жалған ақпарат беру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті күдіктілердің халықаралық іздеуде екенін растады. Қазақстандық құқық қорғау органдары ресейлік әріптестерімен және халықаралық арналар арқылы бірлескен іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→